24.05.2025 | 22:07

ЕРКІН КҮРЕС: ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФИНАЛИСТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен дәстүрлі Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күнінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97, 125 кг салмақта іріктеу кезеңі мен жартылай финал өтті.Жартылай финал нәтижесінде ақтық сынға шыққандар:

57 кг:

Әділет Әлмұхамедов (Жамбыл облысы) – Рахат Қалжан (Жамбыл облысы) 3:2

Абзал Өкенов (Астана қ) – Дәурен Әмірхан (БҚО) 6:1

65 кг:

Мейрамбек Қартай (Ақтөбе облысы) – Бекзат Сыбанбай (ШҚО) 11:1

Начын Куулар (Шымкент қ.) – Әділхан Албайұлы (Ақтөбе облысы) 14:3

86 кг:

Нұржан Исағалиев (БҚО) – Мұханбет Мәмбетов (Маңғыстау облысы) 13:0

Болат Сақаев (Атырау облысы) – Бейбарыс Нұрыллаұлы (Ақтөбе облысы) 4:2

97 кг:

Бекзат Үркімбай (Астана қаласы) – Нұрдәулет Бекенов (ШҚО) 3:2

Рустам Экажев (Астана қ.) – Әкежан Айтбеков (Жетісу облысы) 4:0

125 кг:

Нұрсұлтан Азов (Ақмола облысы) – Омархан Надиров (Астана қаласы) 12:1

Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы) – Әлихан Құсайынов (Қарағанды облысы) 11:0

Жарыс 29 мамырға дейін жалғасады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес