
21.06.2025 | 18:41
Бөлісу:
ЕРКІН КҮРЕС: ҚАЗАҚСТАН U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 2-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
Бүгін Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржыны тағы 2 күміс, 3 қола жүлдемен толықты. Бүгінгі нәтиже:
Мерей Базарбаев (-61 кг) 2-орын
Елнар Шілдебай (-86 кг) 2-орын
Нұрдәулет Сейілбеков (-74 кг) 3-орын
Асхаб Хаджиев (-79 кг) 3-орын
Әлімжан Сәлімжан (125 кг) 3-орын
Осылайша, еркін күрестен Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпы есепте Үндістаннан кейін 2-орынға тұрақтады. Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді. Биыл чемпионатқа еркін күрес бойынша 13 мемлекеттен 80 спортшы қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: