26.02.2026 | 16:23
Бөлісу:
ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ БОЛАТ САҚАЕВ АЛБАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан еркін күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының қоржына қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Болат Сақаев қола медаль иеленді. Ол жарыс барысында сенімді белдесулер өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен шешуші кездесуде отандасымыз түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтен басым түсіп, жарысты үздік үштік қатарында аяқтады.
Айта кетейік, бұл сында турнирге барлығы 29 елден 177 спортшы қатысып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ БІШКЕКТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ