30.10.2023 | 11:48

Ерлер құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

Бүгін Монреаль қаласында (Канада) шорт-тректен аяқталған Әлем Кубогының екінші кезеңінде елііздің ерлер құрамасы 5000 метр қашықтыққа жарыста 7:05, 352 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші болып жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыста 14 елден 168 шорт-трекші сынға түсті. Нәтижесінде алтын жүлде Қытай құрамасына бұйырса, күмісті Канада спортшылары еншіледі. Ал үздік үштікті Қазақстан командасы түйіндеді. Бәсекеде еліміздің намысын Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев қорғады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес