03.10.2023 | 11:28

Ерлер құрамасы Азиадада чемпион атағын қорғап қала алмады

Байдаркада ескек есуден Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий мен Игорь Ряшенцев 500 метрге жарысты 6-орынмен аяқтады. Олардың уақыт көрсеткіші 1:28.400 секунд. Жүлдені Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапония өзара бөлісті. Финалда барлығы 9 елдің құрамасы сынға түсті.

Айта кетейік, 2018 жылы Джакартада өткен алдыңғы Азиадада осы бағдарламада Ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде алтын жүлдені елімізге Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий, Евгений Алексеев алып келген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес