01.02.2023 | 13:46

Ерлер құрамасы Джакартада күміс медаль жеңіп алды

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогі жалғасып жатыр. Бүгін еліміздің ерлер құрамасы 10 метрден пневматалық тапаншамен нысана көздеуде финалға шығып, Түркия мергендерінен 16-2 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Никита Чирюкин, Алексей Лотарев, Валерий Рахимжан өнер көрсетті.

Бұл қазақстандық мергендер Индонезияда қол жеткізген 5-медаль. Қазір 1 алтын, 3 күміс және 1 қоламен жалпы есепте 3-орынға жайғасты. Жалпы Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогі қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес