20.01.2024 | 20:05

Ерлер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазір АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін командалық спринтте еліміздің ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) квартеті тек Канада құрамасынан 3,17 секунд қалып кетті. Үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері түйіндеді.

Айта кетейік, биыл мұнда 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы сынға түсіп жатыр.

Ертең шешуші жарыс күні ерлер мен әйелдер арасында із кесу, жекелей сындағы 100 метр мен масс-старт жарысы өтеді.

Жалпы 4 құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спортшылары сынға түсетін жыл сайынғы жарыс. Биыл Аргентина бәсекеге құрамасын аттандырып отыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес