10.05.2025 | 17:58

ЕСЕТ ҚУАНОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Астана қаласында өтіп жатқан Үлкен Дулыға санатындағы Qazaqstan Barysy турнирінің екінші жарыс күнінде Есет Қуанов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама өкілі 73 кг дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Грузия спортшысы Михейли Бахбахашвилиден басым түсті.

Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль. Бүгін 81 кг дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес