24.09.2024 | 01:22

ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ПЕН ИГОРЬ ЧЖАН ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Швейцарияның Цюрих қаласында велоспорттан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасындағы жекелей сындағы уақытқа жарыста Ұлттық құрама спортшысы Евгений Федоров 30-сатыдан көрінді. Ол жеңімпаздан +4:15.99 секунд қалып кетті. Ал Игорь Чжан 43-сатыға жайғасты (+8:27.07).

Жуырда Париж Олимпиадасында 2 алтын медаль жеңіп алған Ремко Эвенепул (Бельгия) әлем чемпионы атанды 53:01.98 (секунд). Күміс Токиодағы ойындарда топ жарған италиялық Филиппо Ганнада, қола тағы бір Апенин түбегінің өкілі Эдоардо Аффинидің еншісінде.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес