
07.02.2025 | 10:01
Бөлісу:
ФИНАЛ! ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АҚТЫҚ СЫНЫНА ШЫҚТЫ
Бүгін шорт-тректен Ұлттық құрама аралас эстафетада (2000 метр) IX қысқы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандастарымыз жартылай финалда 2:46,491 секунд уақыт көрсетіп, мәреге 1-ші жетті. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан мен Алина Әжғалиева жарысты.
Ақтық сайыс 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да өтеді.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: