22.05.2025 | 17:49

ФИНАЛДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР: ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?

Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін жастар арасындағы (2007-2008 жылы дүниеге келген) 25 салмақ бойынша (13 ұл және 12 қыз) жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Ұлдардың арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды. 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келіде жүлде бұйырмады.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)

1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)

1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)

1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)

1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)

1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)

1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)

1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)

1-орын. Расул Асанханов (92 келі)

1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)

2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)

3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын ғана қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарған болатын.

Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:

Қазақстан – 22 алтын

Тәжікстан – 2 алтын

Қырғызстан – 1 алтын

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар - 5 ) еншілеген.

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық бокс федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$,  3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес