18.09.2024 | 19:47

ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМАИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан командасы 3 ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы Ливиядан басым түсті. Есеп: 4-1.

Голдар: Автогол, 15 минут (0:1), Мохамед Хамис, 17 минут (1:1), Біржан Оразов, 17 минут (1:3) Жахангир Рашит, 18 минут (1:3), Альберт Ақбалықов, 35 минут (1:4).

Соққылар статистикасы:

Қазақстан – 59 (дәл соққы – 19)

Ливия – 19 (дәл соққы – 8)

Жахангир Рашит әлем чемпионатындағы бірінші голын соқты. Матчтың үздік ойыншысы – Альберт Ақбалықов. Енді топтағы шешуші ойында Кака баптайтын футболшылар 21 қыркүйекте 17:30-да Жаңа Зеландиямен кездеседі.

Фото: ҚФФ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес