26.06.2026 | 15:53

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

1/16 финал. Турболд Тумурху (Моңғолия)

1/8 финал. Джусуф Нуркович (Черногория)

1/4 финал. Руслан Пашаев (Әзербайжан)

1/2 финал. Рональд Лима (Бразилия)

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52,57 келіде жүлделер сарапқа салынды.

Бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі ретінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың 2 жылдан кейін татамиге оралуы болды. Жерлесіміз бірінші ресми жарысын 5-орынмен аяқтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес