26.08.2024 | 14:39

ҒАЛЫМ ҚАБДУНАСАРОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

24-25 тамыз күндері Ресейдің Новосібір қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Халықаралық бәсекеде қазақ палуандары да сынға түсіп, 1 алтын, 1 күміс пен 3 қола жүлдеге қол жеткізді. Ғалым Қабдунасаров (60 кг) финалда Сурен Агаджаняннан (Армения) басым түсіп, чемпион атанды. Ал 55 кг салмақтағы Аманғали Бекболатов ақтық сында Виктор Ведерниковтан (Ресей) ұтылып, күміске иелік етті.

Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі 63 кг) және Әділхан Сатаев (72 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, турнирге Армения, Беларусь, Иран, Қазақстан, Куба, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария мен Ресейден 250-ге жуық спортшы қатысты.

Фото: 4s-info.ru сайтынан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес