11.07.2026 | 16:12
Бөлісу:
ГАНДБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
Бұл күндері Италияның Терамо қаласында қол добынан ерлер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
В тобында Қазақстан командасы алғашқы ойында Польшамен кездесіп, 29-14 есебімен айқын жеңіске жетті. Күннің 2-бөлігінде Қазақстан Бельгиямен ойынды 28-21 есебімен өз пайдасына шешті.
Ал бүгін біздің спортшылар жеңісті сериясын ұзарта түсті. Атап айтқанда Оңтүстік Африка құрамасын ірі есеппен тізе бүктірді. Есеп: 27-11.
Айта кетейік, әлем кубогы 15 шілдеде мәресіне жетеді. Алдағы күндері Ұлттық құрама жарыс қожайыны Италия және Ливиямен кім мықтыны анықтайды. Жарысқа барлығы 35 мемлекеттің командасы жиналды (560 спортшы).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: