19.03.2023 | 22:29

Георгий Шейко мен Кристина Морозова Азия чемпионатында 4-орын алды

Бүгін Жапонияның Номи қаласында 20 шақырымға спорттық жүрістен XV Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық додасы пандемия салдарынан 3 жыл үзілістен кейін енді ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Ерлер арасында үндістандық Акшдип Сингх чемпион атанды. 23 жастағы атлет 20 километрді 1:20:57 секундта жүріп өтіп, өз елінің рекордын тіркеді. Осылайша, ол биылғы әлем чемпионаты мен Париж Олимпиадасына жолдама алды. Оңтүстік кореялық Чхве Бёнкван мәреге 2-ші болып келсе, қола Вэнь Юнцзенің (1:22:44) еншісінде кетті. Отандасымыз Георгий Шейко жарысты 1:25:12 секундта аяқтап, 4-сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында қытайлық Лань Гао топ жарды. Күміс жапониялық Аяна Янаидың қоржынында. Ал үндістандық Приянка Госвами отандасымыз Кристина Морозованың алдын орап, қола медальге ие болды. Кристинаның нәтижесі 1:36:42.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес