21.05.2025 | 11:25

ГРЕК-РИМ, ЕРКІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫ ӨТЕДІ

24–30 мамыр аралығында Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кубокқа еліміздің барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1000-ға жуық палуан қатысады. Биылғы турнирдің мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын Ұлттық құрама командалардың негізгі құрамын жасақтау. Жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар да қатысады.

Кубоктың құрметті қонақтары қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері – Юрий Мельниченко, Ислам Байрамуков, Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев және басқа да елімізге белгілі спортшылар болады.

24 мамырда сағат 10:00-де Qazaqstan спорт кешенінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі сол күні сағат 17:30-да басталады. Алғашқы күні боз кілемге еркін күрес балуандары шығады. Кубоктың бағдарламасы қоса беріледі.

Жарыс бағдарламасы мына жерде.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес