11.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Грек-рим күресі: екі қазақстандық қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды
Бүгін Сербия астанасы Белградтағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі отандасымыз қола медаль үшін күресті. Өкінішке қарай, 55 келідегі Аманғали Бекболатов та, 72 келідегі Ибрагим Магомадов та қарсыласын жеңіп тұрғанымен, жеңістен айырылып қалды. Алғашқысы өзбекстандық Жасурбек Ортикбоевтан (5:9), екіншісі түрік Сельчук Можеттен ұтылды.
Жеңіл салмақта Аманғали Бекболатов 1/8-де болгариялық Недялко Петровты, ширек финалда ирандық Пойя Сулат Дад Марзды ұтқанымен, жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионы Нугзари Цурцумияға жол берді.
Ал Ибрагим Магомадов алғашқы белдесуде жапон Тайши Хориды 7:3 есебімен жеңген. Алайда Әзірбайжан өкілі Ульви Ганизадеге есе жіберді (4:2). Жұбаныш кездесуінде болгариялық Дейвид Димитровты осал тұсын тапты.
Тамерлан Шадукаев (77 кг) іріктеуде норвег Пер Андерс Куренің осал тұсын тапты. Есеп 8:3. Екінші кездесуінде германиялық Идрис Ханпасаевич Ибаевты ұтқанымен, мажарстандық Золтан Левайдан жеңілді.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) іріктеуде 22 жастағы польяк Симон Симоновичті (9:0), 1/8-де қытайлық . Хайтао Цяньды да (8:0) таза ұтты. Ал ширек финалда мажарстандық Дэвид Лосонциге тойтарыс бере алмады. Айта кетейік, Белградтағы әлем чемпионатын Халықаралық күрес федерациясының сайты мен финалдарды Қазспорт телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: