01.07.2022 | invalid

GTF таэквондо: Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті

27 маусым мен 1 шілде аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында «Қырғызстан жауһарлары» атты халықаралық спорт фестивалі өтті. Осы фестиваль аясында ұйымдастырылған GTF таэквондодан ТМД Кубогында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеңіске жетті. Көрші елге барған 5 үздік спортшымыз да бапкерлер үмітін ақтап, алтын белбеу жеңіп алды. Олар: Әлихан Лұқпанов (70 кг дейін), Айбек Демегенов (55 кг), Индира Аманбай (40 кг). Ізбасар Күнбол (64 кг), Руслан Грачев (70 кг дейін).

Жалпы командалық есеп:

1-орын – Қазақстан

2-орын – Ресей

3-орын – Қырғызстан

3-орын – Өзбекстан

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес