
29.05.2025 | 12:05
Бөлісу:
ГУМИДЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫ КӨПСАЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жетісайыстан жарыстар басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасынан бұл сында Екатерина Авдеенко мен Алина Чистякова қатысып жатыр.
Бүгін бұл бағдарламада спортшылар үш сайысты артта қалдырды:
– 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру,
– биіктікке секіру,
– ядро итеру.
Әр кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушыларға ұпайлар беріледі. Жетісайыстың барлық кезеңі аяқталғаннан кейін жалпы нәтиже белгілі болады. Аталмыш дода ертеңге дейін жалғасады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: