25.12.2022 | invalid

Ильфат Абдуллин Азия Кубогы кезеңінде топ жарып, ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды

Бүгін Ильфат Абдуллин садақ атудан Шарджадағы Азия Кубогының 3-кезеңінде жекелей сында жеңімпаз атанды. Қазақстандық спортшы бұл спорттың классикалық түрінен финалда бангладештік Мұхаммед Хәкім Ахмет Рубельді 6-4 есебімен жеңді.

Сәл ертеректе 2-жүлдені қоржынға ерлер құрамасы (классикалық түрі) салды. Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Санжар Мұсаев триосы қола медаль үшін кездесуде Бангладештен 6-2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медальге ие болған.

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 4-орын алды. Осымен садақ асынған мергендер үшін биылғы маусым аяқталды. Жүлде жеңіп алған спортшыларымыз бен бапкерлер қосынын құттықтаймыз! Жалпы есеп пен нәтижелер мына жерде.

Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

Командалық матчтар: (классикалық садақ ату):

1-орын – Үндістан

2-орын – Оңтүстік Корея

3-орын – ҚР құрамасы (Ильфат Абдуллин, Санжар Мусаев пен Дәулеткелді Жаңбырбай)

Әйелдер құрамасы: ҚР құрамасы – 6-орын

Аралас командалық сын:

ҚР құрамасы – 6-орын

Құралмалы садақтан ерлер құрамасы: ҚР құрамасы – 5-орын;

Әйелдер арасында:

1-орын – Үндістан

2-орын – Оңтүстік Корея

3-орын – ҚР құрамасы (Виктория Лян, Диана Макарчук пен Роксана Юнусова);

Аралас командалық сын:

1-орын – Оңтүстік Корея

2-орын – ҚР құрамасы (Акбарәлі Қарабаев пен Роксана Юнусуова);

3-орын – Бангладеш

Жекелей сын:

Классикалық садақ ату:

Ильфат Абдуллин – 1 орын

Санжар Мұсаев – 9 орын

Дәулеткелді Жаңбырбай – 9 орын

Сұлтан Дүзелбаев – 17 орын

Әйелдер арасында:

Гаухар Игібаева – 6 орын

Алина Ілиясова – 17 орын

Алуа Мұхтарханова – 17 орын

Луиза Сайдиева – 17 орын

Құралмалы садақ:

Диана Макарчук – 9 орын

Роксана Юнусова – 9 орын

Виктория Лян – 17 орын

Адель Жексенбинова – 17 орын

Ерлер арасында:

Андрей Тютюн – 4 орын

Акбарәлі Қарабаев – 5 орын

Буниед Мирзаметов – 17 орын

Артем Ганькин – 17 орын:

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес