04.04.2024 | 23:14

Ілияс Азизов екі жаттығуда финалға шықты

Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде іріктеудің алғашқы күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Ілияс Азизов ат снарядындағы жаттығуда ең көп ұпай жинап (14.650), 1-орынмен финалға шықты. Тағы бір қазақстандық гимнаст Әлішер Тойбазаров бұл сында 10.150 балл алды (30-орын).

Сондай-ақ Азизов еркін жаттығуда 6-сатыға тұрақтап, ақтық кезеңге шықты. Ертең, іріктеудің 2-күні кермедегі жаттығудан финалистер анықталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес