07.04.2024 | 00:09

Ілияс Азизов Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Ілияс Азизов Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы ат снарядындағы жаттығуда 14.600 балл жинап, алтыннан алқа тақты. Ол 1 күн бұрын осы бағдарламаның іріктеуінде де ең көп ұпай жинағанын (14.650) айта кетейік. Бұл Азизовтың бүгінгі 2-жүлдесі. Сәл ертеректе ол еркін жаттығуда күміс алған.

Ат снарядында күміс медаль Олимпиада (2008) және әлем чемпионатының (2014) күміс жүлдегері Филип Уденің (Хорватия) еншісінде. Ол 14.300 ұпайға ие болды. Үздік үштікті тағы бір хорват гимнасты Марко Самболек (14.000 балл) түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес