02.12.2023 | 18:31

Инесса Шумекова мен Арина Ильященко бір қашықтықта жүлдегер атанды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Италияның Коллальбо қаласында басталған жастар арасындағы Әлем Кубогының 2-кезеңінде қос жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Инесса Шумекова 1000 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Ол 1:22:34 нәтижесін көрсетті. Күміс медаль тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященконың (1:22:61 секунд) еншісінде. Одан кейінгі сатыға Польша өкілі Магдалена Смедзик (1:23:20 секунд) жайғасты. Байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес