20.11.2025 | 20:36

ИРИНА КАЗЮЛИНА ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында күрес түрлерінен қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

68 келіде сынға түскен Ирина Казюлина алғашқы айналымда U23 санатындағы әлем чемпионы Несрин Башпен жолығып, жеңіп кеткен еді. Алайда жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Светлана Окназаровадан есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз Камерун өкілі Ндиффо Эймельдадан 6:0 есебімен басым түсті.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес