31.07.2024 | 13:39

ИСЛАМ САТПАЕВ ІРІКТЕУДЕ 18-ОРЫНҒА ТҰРАҚТАДЫ

Париж Олимпиадасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты  дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сатпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді.

Мұнда жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы ертең финалға жолдама алды. Барлығы іріктеуге 44 спортшы қатысты.

Суреттер: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес