13.05.2025 | 14:57

ИСЛАМ СӘТПАЕВ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін Алматы облысында нысана көздеуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мергендер бәсекесінің шымылдығын әдеттегідей пневматикалық винтовка шеберлері ашты. Ерлер арасында 10 метрден оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сәтпаев ешкімге дес бермеді. Ол финалда 251.8 ұпай жинады. Күміс жүлде Константин Малиновскийдің (248.0), қола Дмитрий Кимнің (226.6 балл) еншісінде. Осылайша, бүгінгі барлық медаль Алматы қаласы спортшыларында қалды.

Енді ертең әйелдер осы жаттығуда кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, чемпионатқа 8 өңірден 170-ке тарта мерген қатысып жатыр. Осы жарыс нәтижесінде тамызда Шымкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама жасақталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес