19.08.2023 | 15:24

Ислам Сатпаев Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын сыйлады

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады. Ал іріктеудегі көрсеткіштер мына жерде.

Мұнда швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл нысана көздеуден Ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы. Нысана көздеуден жолдама әлем чемпионатында жекелеген мергенге емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады.

Ислам Сатпаевтың нәтижесі туралы:

24 жастағы Ислам Сатпаев биыл Джакатада өткен Әлем Кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған. Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем Кубогында қола жүлдегер атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес