11.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Каирде семсерлесуден Әлем чемпионаты өтеді
15-23 шілде аралығында Мысыр Араб Республикасының астанасы Каирде семсерлесуден әлем чемпионаты өтеді. Жылдың басты додасында шеберлік байқасатын қазақстандықтар тізімі мынадай:
Семсерлесу: Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Алексанин, София Николайчук.
Қылыштасу: Назарбай Саттархан, Мұхамедәлі Рахманәлі, Артем Саркисян, Жанат Набиев және Айгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Карина Доспай, Анастасия Гулик.
Рапира: Ғалым Нурумов, Андрей Пестиков
Жарыс кестесі. Жекелей сын:
15 шілде – қылыш (әйелдер), қылыш (ерлер) – іріктеу.
16 шілде – семсер (ерлер) – іріктеу.
17 шілде – семсер (әйелдер), рапира (ерлер) – іріктеу.
18 шілде – қылыш (әйелдер), қылыш (ерлер) – финал.
19 шілде – қылыш (ерлер) – финал.
20 шілде – қылыш (әйелдер), рапира (ерлер) – финал.
Командалық бәсеке:
20 шілде – қылыш (ерлер).
21 шілде – шпага (ерлер).
Қылыш (ерлер) – финал
22 шілде – қылыш (әйелдер), шпага (ерлер) –финал.
23 шілде – қылыш (әйелдер) – финал.
Айта кетейік, қазақстандық семсерлесушілер әлі әлем чемпионатында медальге қол жеткізбеген. Алайда кейінгі жылдары отандық спортшылар Олимпиада, Әлем Кубогы, Азия чемпионаты сынды байрақты бәсекелерде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. Мәселен, маусымда Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 қола медаль жеңіп алды. Сапында Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Татьяна Приходько, Анастасия Гулик өнер көрсететін әйелдер құрамасы мен қылыштасу бәсекесінде Артем Саркисян үздік үштікті түйіндеген. Осы тұста Артем Саркисян қылыштасудан Қазақстан үшін 17 жылдан кейінгі Азия чемпионатының жүлдесіне қол жеткізгенін айта кеткен жөн.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕМСЕРЛЕСУ: ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?