02.08.2024 | 14:12
Бөлісу:
КАМИЛА БЕРЛІҚАШ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ
Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды. Айта кетейік, Камила Үлкен дулыға турнирінде бір рет финалға шыққан, тағы 2 рет үздік үштікті түйіндеген.
Адиясурэн Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Биыл Гонконгта өткен Азия чемпионатының финалына шығып, қарсыласқа есе жіберген.
Париж Олимпиадасында жекелей сында 8 дзюдошымыз күресіп, 2 жүлдеге қол жеткізді. Елдос Сметов (60 кг) елімізге алғашқы алтынды сыйласа, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Енді Қазақстан құрамасы командалық сайыста жүлдеге таласады.
Суреттер: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ