10.05.2026 | 19:02
Бөлісу:
КАМИЛА БЕРЛІҚАШ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
+78 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Камила Берліқаш финалға дейін сенімді жетіп, шешуші белдесуде ресейлік Элис Старцевамен кездесті. Тартысты өткен финал қорытындысы бойынша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Элис Старцева - Grand Slam турнирлерінің екі дүркін күміс жүлдегері және төрт дүркін қола жүлдегері. Осындай тәжірибелі қарсыласпен тең дәрежеде күрес көрсету Камиланың жоғары деңгейдегі дайындығын айқын аңғартты.
Бұл - Камила Берліқаш үшін ұзақ үзілістен кейінгі сәтті оралу. Декреттік демалыстан кейін халықаралық аренаға қайта қосылған спортшы алғашқы ірі жарыстарының бірінде бірден финалға шығып, мансабындағы Grand Slam санатындағы екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
МАРАТ БАЙҚАМҰРОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ