
16.02.2025 | 21:07
Бөлісу:
KARATE 1-SERIES: АСҚАР САПАРҒАЛИЕВ ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
Бүгін Кипрдың Ларнака қаласында Karate 1 сериясына кіретін жылдың 2-ші турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл жарыста жүлдеге бір табан жақындаған отандасымыз Асқар Сапарғалиев болды. Ол қола медаль үшін тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберіп, 75 кг дейінгі салмақта үздік бестікке кірді.
Сонымен қатар кумите бағдарламасында Никита Тарнакин (-84 кг) мен Айшабибі Шарахан (-55 кг) ширек финалда сүрініп, 7-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, Karate 1 сериясындағы алдыңғы турнир Тбилисиде өткен. Келесі жарыс Зальцбургте, сосын Куала-Лумпурда өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

