18.06.2026 | 14:39

КАРАТЭ: ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

19-21 маусым аралығында Индонезияның Бали аралында WKF каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге жекелей және командалық сында 33 мемлекеттен 400-ден астам татами шебері қатысады. Бұл қатарда құрлық көшбасшысының бірі Қазақстан командасы да бар. Назарыңызға құрама тізімін ұсынамыз:

Ката бағдарламасы – Владлена Сигалова. 

Кумите бағдарламасы - Жоламан Биғабыл (-55 кг), Дінмұхаммед Айдарбеков (-60 кг), Олжас Алтынбек (-67 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг), Никита Тарнакин (-84 кг), Диас Анарбеков (+84 кг).

Сонымен қатар Диас Ұлбек, Шыңғыс Тайлиев, Әбілмансұр Батырғали, Айдос Мұхат, Ғалым Асылхан, Асқар Сапарғалиев командалық сынға тіркелді.  

Әйелдер: Аяулым Үшкемпіров (-50 кг), Бэлла Самашева (-55 кг), Әсел Қанай (-61 кг),

 Дайяна Даренская (-68 кг), Тайисия Өтелбаева (+68 кг).

Мұнда Айжан Бәкірова мен Нұрия Тізімбай командалық сайыста өнер көрсетеді.

Биыл Балиде 11 құрлық чемпионы өз атағын қорғайды. Осы ретте біздің спортшылардан Жоламан Биғабыл (-55 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг), Дайяна Даренскаяны (-68 кг) ерекше атап өтуге болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан бір жыл бұрын Ташкентте өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес