07.07.2022 | invalid

Каратэден жастар арасында Әлем Кубогы аяқталды

5-7 шілде аралығында Болгарияның Камчия елді-мекенінде киокушинкай-кан және шинкиокушинкай-кан каратэден жастар арасында Әлем Кубогы өтті. Жыл сайын дістүрге айналған бәсекеге биыл 22 елдің 350-ден астам татами шебері жиналды. Бұл қатарда Қазақстан ұлттық құрамасының 45 өкілі бар. Олар екі күнде 5 алтын, 5 күміс пен 8 қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар:

16-17 жас аралығы – Глеб Повстянко (60 кг)

16-17 жас аралығы – Камила Кемелбекова (55 кг)

18-21 жас аралығы – Рахат Жанғабылов (60 кг)

18-21 жас аралығы – Арман Амиров (80 кг)

18-21 жас аралығы – Саламат Хамит (85 кг)

Күміс жүлдегерлер:

14-15 жас аралығы – Мұрат Әбдуқадыр (60 кг)

14-15 жас аралығы – Кирилл Ким (65 кг)

16-17 жас аралығы – Аят Қалиақбар (65 кг)

18-21 жас аралығы – Алмаз Құрмет (80 кг)

18-21 жас аралығы – Мақсат Искаков (75 кг)

Қола жүлдегерлер:

14-15 жас аралығы – Алияр Актас (65 кг)

14-15 жас аралығы – Азамат Мырзагалин (50 кг)

14-14 жас ааралығы – Сергей Духов (55 кг)

14-15 жас аралығы – Тагир Ульянов (55 кг)

14-15 жас аралығы – Жайна Оразбаева (55 кг)

16-17 жас аралығы – Антон Пионтковский (70 кг)

18-21 жас аралығы – Нұрсұлтан Қожамұратов (60 кг)

18-21 жас аралығы – Аружан Әбдрахманова (55 кг)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогына осымен 5-рет қатысты. Ең үздік нәтижеміз 2019 жылы тіркелген. Ол кезде қазақстандықтар 9 алтын, 17 күміс, 22 қола медальге қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес