28.12.2024 | 19:23

КАРАТЭШІ СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ӘЛЕМ РЕЙТИНГІНДЕ 1-ОРЫН АЛДЫ

WKF каратэден халықаралық федерация 2024 жылды қорытындылап, ката және кумите бағдарламасы бойынша қорытынды рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Былтырғы Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы және Дүниежүзілік ойындардың чемпионы (2022 жыл) Софья Берульцева +68 кг салмақта көш бастады. Ұлттық құрама спортшысының еншісінде 4515 ұпай бар.

Ал әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай -50 кг салмақта 2-орыннан көрінді. Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) 4-сатыда қалды.

Кумитеден ерлер арасындағы ең жоғарғы орын Нұрқанат Әжіқановқа (-75 кг) тиесілі. Ол 3405 ұпаймен мысырлық каратэшіден кейін 2-орында жылды аяқтады.

Қалған спортшыларымыздың рейтингі мынадай:

Қайсар Алпысбай (-60 кг) 5-орын

Дидар Әмірәлі (-67 кг) 4-орын

Данияр Юлдашев (-84 кг) 9-орын

Жылдың қорытынды рейтингін мына жерден толық көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес