24.08.2024 | 10:01

КАРАТЭШІЛЕРІМІЗ МАНИЛАДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 5 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Манила қаласында (Филиппин) WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 30 елден 600 қатысушы жиналды. Бұл қатарда 37 қазақстандық спортшы бар.

Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Күміс:

Нуриниса Даирхан (47 кг, 14-15 жас арасында) 

⁠Перизат Алдаберген (61 кг, 14-15 жас арасында)

⁠Өмірзақ Ақсұлтан (70 кг, 14-15 жас арасында)

Қола:

Әсемай Алтынбек (54 кг, 14-15 жас арасында)

Мүслима Ерназар (+61 кг, 14-15 жас арасында)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес