02.10.2023 | 18:37

Карина Горичева Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама спортшысы Карина Горичева ХІХ жазғы Азия ойындарында бақ сынап, 5-орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол (64 кг дейін) қос жаттығудың қорытындысы бойынша 210 кг (96+114) зілтемірді басынан асыра көтерді. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері 6 мүмкіндіктің бесеуін сәтті аяқтап, тек біреуінде қателікке бой алдырды.

Джакартадағы Азиада чемпионы Лим Ын Сим (Солтүстік Корея) ойындардың рекордын жаңартып (251 кг), өз атағын қорғап қалса, күміс медаль былтырғы әлем чемпионы Синьи Пэйдің (Қытай) еншісінде. Үздік үштікті Элрин Энн Куинилитан Андо (Филиппин) түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес