10.02.2023 | 20:13

Каролин Кипкируи Азия чемпионатында топ жарды

Бүгін Астана қаласында басталған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші: 9:01.98 секунд. Қытайлық Уга Хэ күміс алса, жапониялық Юма Йамамото үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Азия чемпионатын мына жерден көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес