29.09.2023 | 19:05

Каролин Кипкируи Азия ойындарында үдік үштікті түйіндеді

Бүгін Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Қытайдағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтті. Одан үздік нәтижені жарыс жолында Бахрейн атлеті Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) мен Жапония спортшысы Ририка Хиронака (31:50.74) көрсетті.

Бұл қазақстандық спортшылар Ханчжоуда жеңіп алған 19-ы қола медаль.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес