28.07.2026 | 11:22

КАЗАХСТАНСКИЕ ШПАЖИСТКИ ЗАВЕРШИЛИ ВЫСТУПЛЕНИЕ В КОМАНДНОМ ТУРНИРЕ ЧЕМПИОНАТА МИРА

​Гонконг қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы командалық турнирдің плей-офф кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева мен Дарья Самоделкинадан құралған Қазақстан командасы 1/8 айналым жолдамасын көшбасшының бірі - Оңтүстік Кореямен (Сон Се Ра, Ян Хэнъюй, Ли Хеин, Лим Тхэ Хи) сарапқа салды. Кездесуде отандастарымыз 39:45 есебімен жол жіберіп, жүлде үшін күресті аяқтады.

Енді ертең ерлер арасындағы командалық турнирде Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов төрттігі өнер көрсетеді.

Сондай-ақ командалық жарыста қылыш бағдарламасында отандық спортшылар Карина Доспай, Айгерім Сарыбай, Қайша Жәнібек пен Анастасия Гулик бақ сынайды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес