12.12.2025 | 12:08

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГИМНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ (FIG) АТАУЫ WORLD GYMNASTICS БОЛЫП ӨЗГЕРДІ

​Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) ұйымның ресми атауы World Gymnastics болып өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

​Бұл ребрендинг жайында олар ресми сайтында толық жазды

​«Бұл өзгеріс жай ғана ребрендинг емес. Бұл – гимнастика спортын жаңа деңгейге көтеру және бүкіл әлем бойынша гимнастикаға қолжетімділікті кеңейтуге жасалған қадам», -деп айтты World Gymnastics президенті Моринари Ватанабэ.

Салыстырмалы өзгерістер

​Биыл қазан айында Халықаралық теннис федерациясы (ITF) World Tennis болып қайта аталатынын жариялаған. Ал оған дейін Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) және Халықаралық су спорты федерациясы (World Aquatics) да осыған ұқсас өзгеріс жасаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес