
15.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы тағы 2 ойында ұтты
Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы ойындары өтіп жатыр. А тобында Қазақстан құрамасы бүгін Словенияны 4-2, кеше Данияны 4-0 жеңді. Ал оның алдында Мажарстан хоккейшілерінен басым түскен (3-2).
Алайда біздің хоккейшілер алғашқы матчта Франция құрамасына 2-0 есебімен ұтылған.
Енді соңғы турда (18 желтоқсан) Қазақстан жергілікті норвег құрдастарымен шеберлік байқасады. Ұлттық құрама ойыншылары:
Қақпашылар: Антон Осокин («Торпедо»), Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де - «Снежные барсы»)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – «Снежные барсы») Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Аслан Жүсіпбеков («Барыс», ЖЛК), Кирилл Никитин («Номад»)
Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Муканов (барлығы – «Снежные барсы»), Дінмұхамед Кайыржан («Барыс», ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы - «Номад»), Руслан Оспанов («Анкоридж Волверинс», АҚШ), Валентин Попов («Торпедо»):
Барлық құрама бір-бірімен ойнап болған соң, 1-орын алған ел ғана жоғарғы дивизионға жолдама алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық



ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИАДАНЫҢ ФИНАЛЫНДА ОЙНАЙДЫ