18.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топ-дивизионға шыға алмады
Бүгін Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы А тобының ойындары аяқталды. Шешуші матчта Қазақстан құрамасы алаң иесі Норвегиядан 3-5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, топта 2-орын алып, Әлем чемпионатының топ-дивизионына жолдама ала алмады. Діттеген мақсатқа жету үшін біздің хоккейшілерге негізгі уақытта жеңіске жету керек еді. Дінмұхаммед Қайыржан осы кездесудегі үздік қазақстандық ойыншы атанды (суретте).
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар Словенияны (4-2), Данияны (4-0) және Мажарстанды (3-2) жеңген. Ал алғашқы ойында күтпеген жерден Франция құрамасына (2-0) есе жіберді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ: ОЛИМПИАДАҒА БІР ҚАДАМ ҚАЛДЫ
ХОККЕЙДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУДІ СӘТТІ БАСТАДЫ