16.01.2024 | 21:16

Хоккейден Ұлттық құрама топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының ІІ дивизионы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайта түсті.

Айта кетейік, кешегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан қатысып жатыр. 

Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес