29.08.2024 | 19:11
Бөлісу:
ХОККЕЙДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУДІ СӘТТІ БАСТАДЫ
Хоккейден Қазақстан ерлер командасы Словакия астанасы Братиславадағы 2026 жылы өтетін Милан Олимпиадасына іріктеу турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
D тобындағы алғашқы матчта біздің хоккейшілер Мажарстан құрамасынан басым түсті. Есеп: 5-2.
Бірінші айналымның соңына қарай Аркадий Шестаковтан пас алған Никита Михайлис есеп ашты. Осылайша, Ұлттық құрама сан басымдығын сәтті пайдаланған.
Екінші айналымда мажар ойыншысы Доман Шонгот таразы басын теңестірді. Осыдан кейін Дмитрий Бреус пен Максим Мухаметов аз уақытта бізге басымдық сыйлады (3-1). Алайда қарсыластың хоккейшісі Иштван Софрон есепті қысқартып үлгерді.
Шешуші кезеңде шабуылшымыз Никита Михайлис қарсыластың қорғаныстағы қателігін тиімді пайдаланып, дубль (48-минутта) ізін ала хет-трик (53-минутта) жасады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Мажарстан ерлер құрамасы алғаш рет 1993 жылы ойнаған. Ал осыған дейінгі матч 2019 жылы әлем чемпионатының топтық кезеңінде өткен. Бүгін екі команда 11-рет мұзайдында кездесті. Бүгін Қазақстан жеңіс санын 8-ге жеткізді.
Енді Олег Болякин бастаған бапкерлер қосыны баптайтын Қазақстан топтағы қалған ойында Аустрия (30 тамыз) және Словакиямен (1 қыркүйек) кім мықтыны анықтайды. D тобының жеңімпазы 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қаласында өтетін XXV қысқы Олимпиадаға жолдама алады.
Егемендік алған жылдар ішінде хоккейден ерлер құрамасы 1998 жылы Наганода (Жапония) алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысқан. Әзірге Қазақстан үшін ең үздік нәтиже – қысқы ойындардың ширек финалы. Ал 2006 жылы Туринде ерлер құрамасы 12 елдің ішінде 9-орынға ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықХОККЕЙ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ