26.02.2023 | 17:52

Хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті

Бүгін қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» халықаралық жарысында хоккейден Қазақстан құрамасы топтағы 2-ойында Якутияны (Саха Республикасын) 11-0 есебімен ұтты.

Енді Георгий Верещагин баптайтын спортшылар ертең демалып, арыгүні Кузбасс аймағының командасымен плей-офф жолдамамен сарапқа салады. Айта кетейік, біздің хоккейшілер кеше Қиыр шығыс федералды округының құрамасынан 3-7 есебімен ұтылған. Ол ойынның шолуын мына жерден көре аласыздар.

«Азия балалары» ойындарына келген Ұлттық құрама ойыншылары:

Қақпашылар: Данай Шайиков («Авангард», Омск), Танирхан Алпысбаев – («Барыс», Астана)

Қорғаушылар: Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мукашев (бәрі - «Барыс», Астана), Раты Дурглишвили («Салават Юлаев», Уфа), Санжар Ибрагим, Никита Сидоренко («СКА-Юность», Екатеринбург)

Шабуылшылар: Әмір Алыпқарин, Әлихан Бақыт, Әділхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Кәрім, Бексұлтан Мақыш, Тимур Меңдібаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин (бәрі - «Барыс», Астана), Корней Корнеев – («Авангард», Омск), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен).

Бас бапкер: Георгий Верещагин - «Барыс», Астана.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес