13.01.2023 | invalid

Хоккейшілер Универсиаданы сәтті бастады

Бүгін АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан XXX қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алғашқы ойында жеңіске жетті.

Оңтүстік Кореямен болған матчта қазақстандық хоккейшілер алғаш болып есеп ашты. Бірінші шайбаны 6-минутта Алдияр Нұрлан торда тулатты. Сосын, Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 пен 37-минут), Максим Мухаметов (39-минут) мергендік танытты. Қарсылас сапынан тек Мин Дже Чан жауап қатты. Қорытынды есеп: 5-1.

Айта кетейік, енді еліміздің студенттер құрамасы Мажарстанмен шеберлік байқасады. Одан кейін 16 қаңтарда Ұлыбритания, 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес