14.11.2025 | 00:32
Бөлісу:
КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО БАЙЫРҒЫ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢІП, ИСЛАМИАДАНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші ойында қазақстандық спортшы өзінің басты қарсыластарының бірі, мысырлық Омар Ассарды 4:1 есебімен (11:5, 11:8, 6:11, 13:11, 11:3) жеңді. Еске сала кетейік, Кирилл мен Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында кездескен болатын. Сол кезде Кирилл алғашқы екі партияда жеңіске жеткенімен, матч қорытындысы бойынша 2:4 есебімен ұтылған еді.
Осылайша, отандасымыз VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін ол Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжегұловпен бірге командалық сайыста да алтын мелальға қол жеткізген.
Айта кетсек, Кирилл Герасименконың бұл жеңісі Қазақстан құрамасын жалпыкомандалық есепте үшінші орынға көтерді.
1. Түркия – 97 медаль (54, 25, 16)
2. Өзбекстан – 46 (15, 17, 14)
3. Қазақстан – 35 (10, 12, 13).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ