30.07.2024 | 00:09
Бөлісу:
КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО КЕРЕМЕТ КАМБЭК ЖАСАДЫ
Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының 1/16 айналымында Дан Цюдан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз бен германиялық ойыншы арасындағы матч 4-3 есебімен аяқталды (6:11, 11:6, 11:13, 5:11, 11:5, 11:9, 11:6). Кирилл ойын барысында 1-3 есебімен жеңіліп тұрды. Осы кезде жинақылық танытып, келесі кезең жолдамасына иелік етті.
Дан – 2022 жылғы Еуропа чемпионы. Оның ата-анасы кезінде үстел теннисімен кәсіби деңгейде ойнап, өткен ғасырдың аяғында Қытайдан Германияға қоныс аударған.
Айта кетейік, 27 жастағы спортшымыз келесі кезеңде Мысыр/Эквадор өкілімен ойнайды. Ол Риодағы ойындарда бірінші кезеңнен өте алмаса, Токиода бір ойыннан кейін жарысты аяқтаған.
Сурет: Тұрар Қазанғапов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: