17.05.2024 | 12:08

Кирилл Герасименко лицензиялық турнирде жеңіске жетті

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Орталық Азия елдерінің іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан спортшылары қатысып, жекелей сында ерлер арасында бір, әйелдер арасында бір лицензия үшін сынға түседі. Бүгін топтағы ойындар өтеді. Алғашқы жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименкоға бұйырды. 2016 жылғы Рио және 2020 жылғы Токио Олимпиадаларының қатысушысы Түрікменстан өкілі Ілияс Алланазаровты 4:0 есебімен сенімді ұтты.

Қазақстандық теннисшілердің Астана уақытымен 17 мамырда өтетін топтық кезеңдегі ойындарының кестесі:

11:30

Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан) – Розалина Хаджиева (Өзбекстан)

12:15

Анастасия Лаврова (Қазақстан) – Неда Шахсавари (Иран)

16:00

Кирилл Герасименко (Қазақстан) – Азамат Эргешов (Қырғызстан)

16:45 Алан Құрманғалиев (Қазақстан) – Нима Аламиян (Иран)

17:30 Сарвиноз Миркадирова (Қазақстан) – Махшид Аштари (Иран)

18:15 Анастасия Лаврова (Қазақстан) – Мархабо Магдиева (Өзбекстан).

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес